Владимир Вайсс: «Матч тағдырын бір ғана гол шешуі мүмкін»

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Владимир Вайсс ел Кубогының финалы қарсаңындағы баспасөз-мәслихатын өткізді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Финалға шықтық, ендігі мақсатымыз топ жару. Әрине, маусым соңында команда ішінде орын алған келеңсіз оқиғалар өз әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ өмір мұнымен тоқтап қалған жоқ. Ақтөбеде өткен соңғы кездесудегідей ойын өрнегін көрсетсек, жеңіске жете аламыз деп ойлмаймын. Финал бір ғана кездесуден тұрады, сол себепті матч тағдырын тек бір ғана гол шешіп кетуі мүмкін», - деді Вайсс.

Естеріңізге сала кетейік, финалдық ойынды ертең сағат 15:00-де KAZsport арнасынан көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или