«Реал» ойыншысы жарақат алып қалды
«Реал Мадрид» футбол клубының ойыншысы Лукас Васкес жарақат алып қалды, деп жазады Prosports.kz.
<span>Мадридтік клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 жастағы жартылай қорғаушының оң аяғының бұлшық еті зақымданған. Ол 1-2 апта матчқа қатыса алмайды.</span>
<span>Ойыншы жарақатына байланысты өткен аптаның соңында «Эйбарға» қарсы ойынға қатысқан жоқ.</span>
<span>Айта кетейік, Васкес осы маусымда 18 матчқа қатысып, 3 гол соқты. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или