«Тобылдың» жастар командасының жаттықтырушысы рекорд жаңартты
«Тобыл» футбол клубының жастар командасын жаттықтыратын Олег Лотов Екінші лигадағы жеңістер саны бойынша рекорд жаңартты, деп жазады Prosports.kz
Қостанайлық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Олег Лотовтың жетекшілігімен «Тобыл U21» 115 ойын өткізіп, оның 64-інде жеңіске жеткен. Бұл - Екінші лигадағы барлық жаттықтырушылар арасындағы ең жоғары көрсеткіш.
Айта кетейік, Лотов Қазақстан Екінші лигасының күміс және қола медалін жеңіп алған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или