Қазақстандық футболшы Латвия чемпионатында алғашқы ойынын өткізді
Қазақстандық шабуылшы Самат Сәрсенов Латвия чемпионатында бақ сынайтын «Валмиера» сапындағы алғашқы ойынын өткізді, деп жазады Prosports.kz.
Жоғарғы лиганың бірінші турында оның командасы елдің қазіргі чемпионы «Ригадан» 0:2 есебімен ұтылды.
Самат Сәрсенов матчтың 61-минутында алаңға шықты.
Айта кетейік, 23 жастағы Сәрсенов латвиялық клубқа ақпанның басында «Тараздан» ауысқан. Қазақстан Премьер-лигасында ол 23 матч өткізіп, бір гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или