«Қайсар» ойыншылары қысқа мерзімді демалысқа шықты

«Қайсар» ойыншылары қысқа мерзімді демалысқа шықты

«Қайсар» футбол клубының ойыншылары қысқа мерзімді демалысқа жіберілді, деп жазады Prosports.kz.

Қызылордалық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, команда жаттығуға 23 маусымда оралып, «Таразбен» ойынға дайындалады.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының алғашқы екі турында «Қайсар» павлодарлық «Ертіс» пен көкшатаулық «Оқжетпесті» 1:0 есебімен жеңген. Бірақ павлодарлық клуб турнирден шығып қалғандықтан, бұл жеңіс есепке алынбайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или