«Челси» жолдастық кездесуде Чемпионшиптағы клубты ойсырата ұтты

«Челси» жолдастық кездесуде Чемпионшиптағы клубты ойсырата ұтты

«Челси» жолдастық кездесуде «Куинз Парк Рейнджерс» клубын 7:1 есебімен жеңді. Кездесу Лондондағы «Стэмфорд Бридж» стадионында өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Челсидің» сапынан Рубен Лофтус-Чик мен Билли Гилмор дубль авторы атанды , сонымен қатар Мейсон Маунт, Оливье Джиро және Виллиан бір голдан соқты.

Англия Премьер-лигасының кестесінде «Челси» 29 турда 48 ұпай жинап, төртінші орында.

АПЛ-ды қайта жандандыру 17 маусымға жоспарланған. Турнирдің көшбасшысы - «Ливерпуль» (82).

«Челси» өзінің алғашқы матчын 21 маусымда «Астон Вилламен» ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или