Қазақстан құрамасының ресми ойындарда жеткен алғашқы жеңісіне 24 жыл толды
1996 жылы 14 маусымда футбол бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA-ның мүшесі ретіндегі алғашқы ресми матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматы қаласының Орталық стадионында қазақстандық футболшылар 1996 жылғы Азия Кубогының іріктеу кезеңі аясында Катар командасымен кездесті.
Қазақстан құрамасы осы кездесуде Максим Низовцевтің 7-минутта соққан голының арқасында 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Сол іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы қатарынан үш рет жеңіліске ұшырады (Катардан 0:3, ал Сириядан екі рет - 0:2 және үйде 0:1) және өз тобында соңғы орынды иеленді.
Қазақстан - Катар 1:0 (1:0)
Гол: 1:0 - Низовцев (7).
Қазақстан құрамасы: Егошкин, Нейтштеттер (Еңсебаев, 54), Дузев, Жуненко, Курдюмов, Евтеев, Кучерявых, Низовцев, Литвиненко (Қайназаров, 69), Масудов (к), Мирошниченко (Калабухин, 89). Бас бапкер - С. Бердалин
Матч статистикасы «Казахстанский футбол» порталынан алынды