Ресми: «Астана-Жас» ФК Бірінші лигада ойнамайды

Ресми: «Астана-Жас» ФК Бірінші лигада ойнамайды

«Астана» футбол клубы жастар командасының Бірінші лига турниріндегі өтінімін кері қайтарып алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның кәсіби футбол лигасы бұл ақпаратты ресми түрде растады:

«ҚФФК астаналық жастар құрамасының Бірінші лига 2020 турнирінен шығарылғанын растайды. Біз астаналық клубтан тиісті хабарлама алдық», - деп мәлімдеді лига басшысы Олжас Абраев біздің сайтқа.

Еске салсақ, «Астана-Жас» командасы өткен маусымның қорытындысы бойынша Бірінші лигада ойнау құқығына ие болған еді.

1 шілдеде жоғарғы дивизиондағы клубтар арасындағы Қазақстан чемпионатын, сонымен қатар Бірінші және Екінші лигадағы турнирлерді жалғастыру жоспарлануда.

 

Олжас Абраев: Маусымның қалған бөлігінің күнтізбесі 20 маусымнан кейін шығады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или