Қарағандылық «Шахтер» сапынан әлем чемпионы кетеді
Prosports.kz-ке белгілі болғандай, «Шахтер» футбол клубы Нигерия (U - 17) жастар құрамында әлем чемпионы атанған Алию Абубакармен қарым-қатынасты тоқтатты.
Біз африкалық футболшының ресми өкілі, атақты агент Дмитрий Селюктен осы ақпаратқа түсініктеме беруін өтіндік.
- Сіздің клиенттеріңіздің бірі Алию Абубакар шынымен де қарағандылық «Шахтерден» ешқандай өтемақысыз кететініні рас па?
- Мен жағдайды түсіндіргім келеді. Менің жалпы бағытым: мен өз ойыншыларыма сенімдімін, сондықтан мен олармен келісім-шарт жасасқан кезде клубтарға кез-келген уақытта өтемақысыз келісім-шартты бұзуға мүмкіндік беремін.
- Шынында да, «Шахтердің» чемпионаттың қайта басталуына аз уақыт қалғанда ойыншының қызметінен өз еркімен бас тартуы таңқаларлық. Мүмкін ол шынымен де команданың деңгейіне сәйкес келмейді?
- Мен ешқашан ойыншыларымды қайта-қайта ұсынбаймын. Және клубтардан орынсыз ақша алмаймын. Мен бұл жайлы қазақстандық БАҚ-тан көп оқыдым. Олай емес. Абубакардың деңгейі «Шахтердің» жаттықтырушылар құрамына өте ұнады. Оған Ресей премьер-лигасының «Урал» клубына белсенді қызығушылық танытып отыр, қанша дегенмен әлем чемпионы ғой.
Дәл қазір Қазақстанда барлық клубтарда белгілі бір қаржылық проблемалар туындауда, мен қарапайым адам ретінде мен қарағандылық клубтың басшылығымен жақсы қарым-қатынасымды және алдын-ала келісімді ескере отырып, ешқандай өтемсіз ойыншымды алып кетемін.
- Бұл сеніміздеу ақталу секілді көрінеді...
- Бірнеше нюанстар бар. Абубакар командаға ақпан айында қосылды, «Шахтерға» ауыр жарақат алған Евгений Ткачуктың орнына тез арада орталық қорғаушы керек болды. Бірақ, өздеріңіз білесіздер, екі турдан кейін Қазақстан чемпионаты тоқтатылып, үш айлық үзілісте украиналық ойыншы қалпына келді.
Оған қоса олар легионер болып саналмайтын ресейлік футболшыны да алды. Сонда бір позицияға бірнеше ойыншы таласатын болып тұр. Мен қайталаймын, бастапқы келісім бойынша, егер қажет болса, мен Абубакарды кез келген сәтте алып кете аламын. Клуб тарапынан бізге, бізден клубқа ешқандай шағым жоқ.