«Ювентус» Италия кубогының финалына жолдама алды (бейнешолу)
Туриндік «Ювентус» өз алаңында «Миланды» жеңе алмаса да, Италия кубогының финалына жолдама ала алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алаң иелері 15-минутта есеп ашатын керемет мүмкіндікке ие болған, бірақ Криштиану Роналду пенальтиден мүлт кетті. Көп ұзамай «Милан» шабуылшысы Анте Ребич өрескел ойынымен көзге түсіп, алаңнан қуылды, алайда «Ювейдің» ойыншылары басымдық таныта алмады.
Туриндегі кездесу 0: 0 есебімен аяқталды, ал 13 ақпанда Миланда өткен бірінші матч 1-1 есебімен аяқталғаннан кейін, «Ювентус» Италия кубогының финалына жолдама алды.
Италия кубогы. 1/2 финал. Қарымта матч
«Ювентус» (Турин) – «Милан» (Милан) 0:0 (алғашқы матч – 1:1)
Соғылмаған пенальти: Роналду («Ювентус», 16)
Алаңнан қуылды: Ребич («Милан», 16)

Фото archyde.com