Қазақстан құрамасында ойнаған футболшы Ресейде жаңа клубқа ауысты
Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Қазбек Гетериев <span>Ресейдің үшінші дивизионында ойнайтын клубқа ауысты</span>, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.
34 жастағы Гетериев нальчиктік "Спартактың" ойыншысы атанды. Ол бұл клубта 2007-2010 жылдары ойнаған болатын.
Жартылай қорғаушы <span>2013 жылдан бастап былтырға дейін Қазақстанда өнер көрсеткен еді. Дәлірек айтқанда "Қайрат", "Ордабасы", "Қайсар", "Ертіс", "Оқжетпес" және "Каспий" командаларында ойнаған болатын. </span>
<span>Ал 2010-2015 жылдар арасында Қазақстан құрамасының намысын қорғаған. Қазақстан азаматтығын алған ресейлік жеті матчта алаңға шыққан еді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или