Карантин ережесін бұзған «Барселона» ойыншысы жаттығуға қатысқан жоқ
«Барселона» футбол клубының бейсенбі күнгі жаттығуына қорғаушы Нелсон Семеду қатысқан жоқ, деп жазады Prosports.kz.
Португалиялық футболшы карантин ережесін бұзып, <span>досының туған күн қонағасысына қатысқаны үшін командалық жаттығудан шеттетілді. </span>
<span>Бірақ коронавирусқа қарсы тексерілген соң, Семедудің вирус жұқтырмағаны анықталды. Демек ол жұма күнгі топтық жаттығуға қатыса алады.</span>
<span>Айта кетейік, Семеду 20-дан көп адам жиналған сауықкешке қатысқаны үшін сынға қалған болатын. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или