«Қайрат» ойыншысы үйсіз қалған екі әйелге көмектесті
Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Раде Дугалич Сербияда үйсіз қалған екі әйелге көмек көрсетті, деп жазады Prosports.kz.
Sport24 порталының хабарлауынша, 65 жастағы ана мен оның 45 жастағы қызы үйсіз қалған. Пәтер иесі баспананы жалға алу ақысын екі ай төлей алмағаны үшін әйелдерді үйден қуып шыққан.
Оқиға Сербияның Нови Сад қаласында болған. Анасы мен қызы көшеде түнеген. Мұны естіген Дугалич жергілікті қайырымдылық қоры арқылы аналы-балалы екі әйелдің 6 айлық пәтер ақысын төлеп берді. Олар енді жергілікті жатақханалардың бірінде тұрады.
Sećate se priče o dve žene iz NS koje su stanodavci prošle nedelje izbacili na ulicu zbog neplaćena dva računa za Informatiku. Nakon što im je Združena akcija Krov nad glavom Novi Sad našla sobu u hostelu za par dana a mi smestili stvari i nameštaj u naš kompanijski magazin, ovu pic.twitter.com/RTLx4BjkaI
— Robert Coban (@robert_coban) June 11, 2020