Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ресей командасына ауысты
Қазақстандық футболшы Казбек Гетериев Ресейдің «Спартак» командасымен келісімшартқа қол қойды.
Казбек Гетериев Ресейде өмірге келіп, 2010 жылы Қазақстан азаматтығын алды. Осы жылдан бастап 2015 жылға дейін Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ойнаған.
Бүгін белгілі болғандай 34 жастағы футболшы Нальчиктің «Спартак» командасының қатарына қосылды.
Айта кетейік, Казбек Гетериев Қазақстанда «Қайрат», «Ордабасы», «Қайсар», «Ертіс» және «Каспий» клубтарының сапында өнер көрсетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или