УЕФА келесі аптадағы конференциясында қандай мәселелерді талқылайды
УЕФА атқарушы комитеті маусым отырысында қандай мәселелер талқылайтыны белгілі болды, деп хабарлайды, Prosports.kz.
Атқару комитеті отырыстары бірінші күнінің қорытындыcы бойынша, 2020 жылдың 17 маусымында онлайн-конференция өтеді. Атқару комитетінің отырысы 18 маусымда таңертең жалғасады.
Бірінші күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
• 2019/20 маусымындағы Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасы - 1/8 финал және соған қатысты шешімдер;
• 2020/21 маусымындағы Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасы - іріктеу және топтық кезең;
• 2019-2020 маусымындағы әйелдер Чемпиондар лигасы - ширек финалдан басталатын кезеңдер;
2020-2021 маусымындағы әйелдер Чемпиондар лигасы - күнтізбе;
• EURO-2020 стадиондары мен матчтардың кестесі;
• EURO-2020 және Ұлттар лигасы топтық кезеңінің бірлескен матчтарының күнтізбесін талқылау