УЕФА Чемпиондар лигасының жанданатын уақытын жариялады

УЕФА Чемпиондар лигасының жанданатын уақытын жариялады

УЕФА Чемпиондар лигасының ойындарының күндерін белгіледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы <span>AS </span>мәлім етті. Басылымның мәліметінше, 1/8 финалдың жауап матчтары 8 және 9 тамызда болуы мүмкін. Содан кейін УЕФА қалған кезеңдерді <span>«</span>Төрттік финал» форматында аяқтауды жоспарлап отыр. Матчтар Лиссабонда өтеді деп жоспарланған. Ширек финал мен жартылай финал бір матчтан ойнатылуы мүмкін.

Еске сала кетелік, ширек финалға «Аталанта», «Атлетико», «РБ Лейпциг» және «ПСЖ» командалары шығып қойды.

Осы уақытқа дейін 1/8 финалдың қарымта төрт матчы өткізілген жоқ. Олар: «Барселона» - «Наполи» (бірінші ойын - 1:1), «Манчестер Сити» - «Реал» (2: 1), «Бавария» - «Челси» ( 3:0) және «Ювентус» - «Лион» (0: 1).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или