«Байер» Германия кубогының финалына шықты

«Байер» Германия кубогының финалына шықты

Германия кубогының 1/2 финалында "Саарбрюккен" ливеркузендік "Байер" командасын қабылдады. Кездесу  қонақтардың жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің 11-минутында алғашқы голды «Байердің» шабуылшысы Мусса Диаби соқты. 8 минуттан кейін Лукас Аларио есепті еселеді . Екінші таймның 58-минутында «Байердің» жартылай қорғаушысы Карім Беллараби матч нүктесін қойды. 

Осылайша, "Байер" Германия кубогының финалына шықты, онда олар "Бавария" - "Айнтрахт" жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или