Ресей чемпионатының жаңа маусымы 1 тамызда басталады

Ресей чемпионатының жаңа маусымы 1 тамызда басталады

Ресей футбол одағының (РФО) Атқару комитеті 2020/2021 жылғы маусымының күндерін бекітті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңа маусым 2020 жылдың 1 тамызында басталып, 2021 жылы 30 маусымда аяқталады. Сонымен қатар Атқару комитетінің отырысында жазғы трансферлік кезеңнің 26 шілдеде басталатыны хабарланды.

Еске сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты наурызда тоқтатылған Ресей чемпионаты 19 маусымда қайта жалғасады.

Бірінші күні екі кездесу өтеді: «Крылья Советов» — «Ахмат»  (Самара, басталуы - Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де), «Сочи» - «Ростов» (Сочи, басталуы - 23:00).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или