Германиялық клуб бас бапкерін қызметінен қуды
«Хоффенхайм» футбол клубы бас бапкер Алфред Схрёдерді қызметінен босатты, деп жазады Prosports.kz.
<span>Бұл туралы неміс клубының баспасөз қызметі хабарлады.</span>
<span>Германия Бундеслигасы қайта басталғаннан кейін, «Хоффенхайм» 5 матч өткізіп, бір-ақ рет жеңіске жетті. Екі ойында жеңіліп, екі ойында тең түсті. Команда қазіргі сәтте турнирлік кестеде 7-орында тұр. </span>
<span>Айта кетейік, 47 жастағы голландиялық маман «Хоффенхайм» командасының тізгінін 2019 жылы шілде айында ұстаған. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или