«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы қорғаушысы қайтыс болды
«Манчестер Юнайтед» футбол клубы бұрынғы қорғаушысы Тони Данн 78 жасында қайтыс болды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. Бірақ өлімнің нақты себебі айтылған жоқ.
Данн МЮ сапында 1960-1973 жылдар аралығында өнер көрсетті. Осы уақыт аралығында ол 535 ойынға қатысып, Англияның екі дүркін чемпионы атанды. 1968 жылғы Чемпиондар кубогын және Англия кубогын жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или