ПСЖ Тиаго Силвамен келісімшарт мерзімін ұзартпайды

ПСЖ Тиаго Силвамен келісімшарт мерзімін ұзартпайды

ПСЖ-ның капитаны Тиаго Силва биылғы маусым аяқталған соң басқа командаға ауысуы мүмкін.

Париждік команданың спорт директоры Леонардо тәжірибелі қорғаушымен келіссөз жүргізіп, келісімшарт мерзімін ұзартпайтынын мәлімдеген.

Тиаго Силваның ПСЖ-мен келісімшарты 30 маусымға дейін жасалған. 35 жастағы футболшы париждік командада 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или