«Барселона» футболшылардың жалақысын қысқартуды тағы да жоспарлап отыр

«Барселона» футболшылардың жалақысын қысқартуды тағы да жоспарлап отыр

Каталониялық «Барселона» ойыншыларға жалақысын азайтуды тағы да ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span>тілшісі<span> </span>Marca басылымына сілтеме жасап.

Испаниялық басылымның мәліметінше, каталониялық клуб футболшылардың жалақысын мамырдың соңғы аптасында 70, маусымның алғашқы екі аптасында 50 пайызға қысқартуды қалап отыр. Ойыншылар басшылықтың бұл ұсынысынан бас тартқан. 

Еске салайық, бұған дейін «Барселона» президенті Хосеп Мария Бартомеу клуб маусым бюджетінен шықпауы үшін ойыншыларды жалақысын азайтуға шақырған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или