Испанияда футбол матчтары коронавирус құрбандарын еске алудан басталады
Испанияның Корольдік футбол федерациясы (RFEF) және Ла Лига басшылығы Испаниядағы барлық футбол чемпионаты әр матчты коронавирус пандемиясы құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздікпен бастауға шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz турнирдің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Екі ұйым да коронавирус пандемиясы кезінде өмірден өткендерге және олардың отбасы мүшелеріне құрмет көрсету туралы шешім қабылдады. Маусым жанданғаннан кейінгі алғашқы матчтан бастап, футбол әлемі қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алады», - делінген хабарламада.
Коронавирус пандемиясына байланысты Испания чемпионаты 27-ші турдан кейін наурыз айында тоқтатылды. Чемпионат 11 маусымда жалғасады. Бірінші матчта «Севилья» мен «Бетис» кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или