Мюллер рекорд жаңартты
Кеше Германия Бундеслигасының 30-туры аясында «Байер» - «Бавария» матчы өтті, деп жазады Prosports.kz.
Леверкузенде мюнхендіктер 2:4 есебімен жеңіске жетті.
Бұл кездесуде қонақтар сапынан жартылай қорғаушы Томас Мюллер екі нәтижелі пасымен көзге түсті. «Бавария» тәрбиеленушісі Леон Горецка мен Роберт Левандовскидің гол соғуына мүмкіндік жасап берді.
Осылайша Мюллер осы маусымда еншісіне 20 нәтижелі пас жазды. Бұл Бундеслига тарихындағы жаңа рекорд ретінде тіркеліп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін бұл рекорд «Вольфсбургтің» жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне мен «Лейпцигтің» жартылай қорғаушысы Эмиль Форсбергке тиесілі болатын.
Most assists in a single season:

2️⃣0️⃣ - Thomas Müller
1️⃣9️⃣ - Emil Forsberg
1️⃣9️⃣ - Kevin De Bruyne

We have a new king pic.twitter.com/s2kD17qfdC
— Bundesliga English (@Bundesliga_EN) June 6, 2020