Чемпиондар лигасының шешуші матчтары Португалия астанасында өтеді

Чемпиондар лигасының шешуші матчтары Португалия астанасында өтеді

Немістің Bild басылымы Португалияның Лиссабон қаласында Чемпиондар лигасының 2019/20 маусымының ширек финал, жартылай финалы және финалы өтетінін жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бастапқыда биыл Чемпиондар лигасының финалы Стамбулда өтеді деп жоспарланған болатын, бірақ коронавирус пандемиясы УЕФА жоспарларына түзетулер енгізді. Ұйым басшылығы ширек финалдан бастап барлық матчтарды бір елде өткізуге шешім қабылдады. Турнирді Түркияда өткізуге болмайдыы, өйткені елде Covid-19 вирусына байланысты жағдай тұрақсыз.

Басылым Чемпиондар лигасының финалы Лиссабондағы «Эстадио да Лушта» өтеді деп болжайды. Форматына келетін болсақ, ұйым матчтар санын екіден біреуге азайтуы мүмкін. Сондай-ақ, ширек финал ескі сызба бойынша өткізу нұсқасы да қарастырылып жатыр, одан кейін баскетбол суперлигасына ұқсас төрттік финал да болуы ғажап емес.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или