Инфантино: ФИФА футболдың халықаралық күнтізбесін жасауда жетістікке жетті
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) халықаралық күнтізбені құруда біршама жетістіктерге жетті, деп хабарлайды Prosports.kz РИА «Новостиге» сілтеме жасап.
Бұл туралы ФИФА басшысы Джанни Инфантино айтты. Ол ФИФA-ның 211 ұлттық қауымдастығына бейнехабарлама жазды.
«Халықаралық матчтардың күнтізбесі сынды маңызды мәселелерді айтатын болсақ, біз біршама жетістіктерге жеткенімізді хабарлауға қуаныштымын. Әр түрлі мүдделі тараптармен жүргізілген кеңестердің арқасында біз барлығының қажеттіліктерін ескеретін теңгерімді шешім ұсынуға жақынбыз»,
- деді Инфантино FIFA сайтында.<br />Кейбір ұлттық чемпионаттар коронавирус пандемиясынан туындаған үзілістен кейін қайта жандана бастады, дегенмен командалардың ресми матчтары әлі өткізілген жоқ.
«Жоғары деңгейдегі клубтық футболды қайта жандандыру басымдық болып табылатыны түсінікті, бірақ біз ұлттық құрамаларды, әйелдер футболын, төменгі лигаларды, жастар футболын ұмытпауымыз керек. Біз футболдың барлық саласында біртұтастық танытып, бүкіл әлемде футболдың жандана түсуін қамтамасыз етуіміз керек. Бұл біздің басымдықтарымыз, қаржылық көмек жоспарымыз осы қағидаға сәйкес жүзеге асырылады»,
- деп толықтырды FIFA басшысы.
Ол қаржылық көмек жоспарының әйелдер футболын қамтитын кең көлемде болғанын және оның тиімді және транспарентті түрде жүзеге асырылуын қалайтынын айтты.
«Бұл дегеніміз қаржылық соманы бөлу үшін есеп беруді қамтамасыз ететін басқарудың сенімді құрылымы бар»,
- деді қауымдастық басшысы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или