Головкин - Альварес жекпе-жегі қай салмақ категориясында өтеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Джонатон Бэнкс мексикалық Сауль Альвареспен өтуі мүмкін үшінші жекпе-жек жайлы ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.
Жаттықтырушының ойынша, жекпе-жек екінші орта салмақта өтсе, Головкин үшін тиімді болады.
«Әрине, Геннадий болашақта Сауль «Канело» Альвареспен қайтадан кездесуді қалайды. «Канело» - тәжірибелі боксшы, сондықтан оны қаймықтыратын өзгеше амал табудың өзі қиын. Алайда біз қалайда «Канеломен» алғашқы екі жекпе-жектен басқаша мәнен көрсететін боламыз. Менің ойымша, Головикн Альвареспен 160 фунт (орта салмақ) немесе 168 фунт (екінші орта салмақ) дәрежесінде жекпе-жек өткізуге қарсы емес. Егер кездесу 168 фунт салмақ дәрежесінде өтсе, бұл Головкин үшін артықшылық болар еді деп ойлаймын, өйткені ол қарсыласынан сәл ұзынырақ», - дейді Бэнкс.
Айта кетейік, Сауль Альварестің бойы - 175 см, ал Геннадий Головкиннің бойы - 179 см.
Еске сала кетейік, «Канело» мен GGG арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Ол кезде тең нәтиже тіркелді. Қос қарсылас араға тура бір жыл салып қайта кездескен. Ол жолы мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.