Қазақстанда туған футболшыға «Ювентус» пен «Боруссия» қызығып отыр

Қазақстанда туған футболшыға «Ювентус» пен «Боруссия» қызығып отыр

Түркияның «Алтынорду» командасының президенті Сейіт Мехмет Озкан 17 жастағы қорғауш Равиль Тагирдің болашағы жайлы айтты.

– Равильді Еуропаға жіберуге жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде ойыншыға «Бенфика», «Интер», «Ювентус» пен «Боруссия» Дортмунд қызығушылық білдірді. Ресми ұсыныс та алдық. 

Дегенмен футболшымызды кем дегенде 7,8 миллион еуроға сатамыз. Равиль – Премьер-Лигада оңай ойнап кететін футболшы. 22 жасқа толғанда оның нарықтағы құны 80 млн еуро болады, - деді Сейіт Мехмет Озкан «Fanatik» басылымына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, Равиль Тагир Таразда туған. Кейін отбасымен Түркияға көшіп кеткен. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или