Самат Смақов «Тараздың» директоры болмайды

Самат Смақов «Тараздың»  директоры болмайды

Жамбыл облысының әкімдігі Самат Смақовтың «Тараз» футбол клубының директоры қызметіне тағайындалуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды.

<span>Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Самат Смақовтың «Тараз» футбол клубының директоры қызметіне жоспарлы түрде тағайындалуы туралы хабар тараған болатын. </span>

<span>«Жамбыл облысының әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Самат Смақов «Тараз» футбол клубының басшылығына үміткер ретінде қарастырылмайды», - делінген хабарламада.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или