«Реал» Испания чемпионатын басқа стадионда аяқтайды

«Реал» Испания чемпионатын басқа стадионда аяқтайды

«Реал Мадрид» президенті Флорентино Перес клуб Испания чемпионатының қалған матчтарын «Альфредо ди Стефано» стадионында өткізетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. 

6 мың орынға есептелген «Альфредо ди Стефанода» клубтың резервтік командасы ойнайды. Арена жаңа прожекторлармен және жарнамалық алаңдармен жабдықталады, сонымен қатар оған VAR технологиясы орнатылады.

«Альфредо ди Стефаноға» көшу туралы шешім «Сантьяго Бернабеу» стадионын жөндеуді мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндік береді.

Пандемиядан кейін қайта жалғасатын Испания чемпионатының алғашқы үй матчын «Реал Мадрид» 14 маусым күні «Эйбарға» қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или