Бокс

Сарапшы Головкинді аты аңызға айналған чемпиондармен салыстырды

Сарапшы Головкинді аты аңызға айналған чемпиондармен салыстырды
news-banner7
mobile-news-top

Boxingcene.com журналисі Стивен Эдвардс қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді сынаушыларға жауап берді, деп жазады Prosports.kz.

Оның айтуынша, Головкинді сынаудың еш жөні жоқ.

«Сыншылар қандай да бір себептермен Головкин ешқашан үзік боксшы болмағанын айтады. Олардың ойынша, GGG 35 жасқа толған соң құлдырай бастаған. Бірақ ол данышпандар бұған дейін кез-келген боксшы онымен кездесуден қашқалақтағаны жайлы не айтады екен? Барлығы Головкиннің құлдырауын күтті, содан кейін ғана оны жекпе-жекке шақыра бастады» - дейді Эдвардс.

Сонымен қатар ол Головкинді аңыз боксшылар Марвин Хаглер және Хулио Сезар Чавеспен салыстырды.

«Головкинді үлкен Чавес және Хаглермен салыстырар едім. Стилі жағынан да, күш-қуаты тұрғысынан да бір деңгейде. Хаглер 32-33 жаста мансабын аяқтады. Ал Чавес 1996 жылы Оскармен (Де ла Хойямен) кездескен кезде өз бабынан әлдеқашан айырылған болатын. Ол кезде 35 жаста еді», - деп жазады автор.

Еске сала кетейік, көптеген журналистер мен жанкүйерлердің пікірінше, Головкин мансабындағы алғашқы шынайы үлкен жекпе-жегін 2017 жылдың наурыз айында америкалық Дэниэла Джейкобсқа қарсы өткізді. Бұл кездесуде Геннадий төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осыдан кейін қазақстандық боксшы бұдан да маңызды екі жекпе-жек өткізді. Мексикалық Сауль Альвареске қарсы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Ол кезде тең нәтиже тіркелді. Қос қарсылас араға тура бір жыл салып қайта кездескен. Ол жолы мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

2020 жылғы ТОП-5 жекпе-жек: Тізімде GGG - «Канело» трилогиясы да бар

Головкин - Альварес жекпе-жегі екінші орта салмақта өтуі мүмкін

«Бұл жолы Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер