Польша чемпионаты қайта жалғасты. Жуковтың командасы ірі есеппен ұтылды

Польша чемпионаты қайта жалғасты. Жуковтың командасы ірі есеппен ұтылды

Футболдан Польша чемпионаты қайта жалғасты, деп жазады Prosports.kz.

Экстракласстың 27-туры аясында қазақстандық футболшы Георгий Жуков өнер көрсететін «Висла» командасы «Пяст» клубынан 0:4 есебімен ұтылды.

Бұл ойында қазақстандық жартылай қорғаушы алаңға негізгі құрамда шығып, толық матчт өткізді.

Польша чемпионаты (Экстракласс)

27-тур

«Пяст» (Гливице) – «Висла Кр» (Краков) – 4:0

Гол соққандар: 1:0 – 1, Хохе Феликс, 2:0 – 11, Петр Пажишек, 3:0 – 64, Петр Пажишек, 4:0 – 85, Патрик Тушински.

Осы жеңілісінен кейін Жуковтың командасы турнирлік кестеде <span>13 сатыға сырғыды (31 ұпай).</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или