Бұрынғы модель Футбол клубын сатып алмақшы

Бұрынғы модель Футбол клубын сатып алмақшы

Playboy журналының бұрынғы моделі, қазіргі футбол агенті Анамария Продан румыниялық «Германштадт» клубының акцияларын сатып алмақшы, деп жазады Prosports.kz.

Команданың қазіргі таңдағы жағдайы жақсы емес. Басшылық 700 мың еуро көлеміндегі қарызды төлеу үшін барын салып жатыр. Сол үшін клубқа инвестиция тарту туралы келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. 

Айта кетейік, Анамария коронавирус пандемиясы аяқталғаннан кейін футбол клубын сатып алғысы келетінін айтқан. Демек ол «Германштадт» клубына инвестиция салуы әбден мүмкін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или