«Қызыл-Жар» көкшетаулық «Оқжетпесті» өз стадионында қабылдайды

«Қызыл-Жар» көкшетаулық «Оқжетпесті» өз стадионында қабылдайды

Петропавлдық «Қызыл-Жар» футбол клубы Қазақстан чемпионаты қайта басталғаннан кейінгі ойындарды жергілікті «Қарасай» стадионында өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі инстаграм желісіндегі ресми парақшасында жазды.  

Қазіргі уақытта «Қарасай» стадионында алаңды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. OLIMPBET – Футболдан Қазақстан Чемпионаты жалғасын тапқаннан кейін алғашқы ойынды өз аланымызда өткізетін боламыз, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі. 


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 3-туры аясында «Қызыл-Жар» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдауы керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или