Рамзан Кадыров: Мен сап-сау адаммын

Рамзан Кадыров: Мен сап-сау адаммын

«Ахмат» клубының құрметті президенті және Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров Инстаграм желісінде коронавирусқа байланысты қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды, Prosports.kz.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын, Телеграмдағы Baza басылымы бірнеше күн бойы Кадыровтың ауырғанын хабарлаған еді.

«Тіпті мен ауырған күннің өзінде де, әлемдегі миллиондаған адамдар коронавирус жұқтырған, ондаған мың адам қайтыс болған, сонда мен адам емеспін бе? Менің ауруға құқығым жоқ па?. Жай ғана емделіп, иммунитетті көтеруге құқығым жоқ па?»

Мен сап-сау адаммын», - деді Қадыров.

Бұған дейін «Ахматтың» бас директоры Ахмед Айдамиров Кадыровтың сау екенін және Шешенстаннан кетпегенін айтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или