«Бавария» Алабаға жылына 15 миллион еуро жалақы ұсынады
Мюнхендік клуб үшін қорғаушы Давид Алаба маңызды футболшылардың бірі.
Bild хабарлағандай, клуб 27 жастағы ойыншымен келісімшартты ұзартқысы келеді және оған бір маусымда 15 миллион еуро жалақы ұсынуды жоспарлап отыр. Осылайша, Алаба Мануэль Нойер, Роберт Левандовски және Томас Мюллермен бірге команданың ең көп жалақы алатын ойыншылары қатарына кіреді.
Осы маусымда Алаба «Бавария» үшін 30 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или