«Тобыл» жаттығу жұмыстарына кірісті
«Тобыл» футболшылары бірнеше апта үзілістен соң жаттығу жұмыстарына қайта оралды, деп хабарлайды Prosports.kz, клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 мамырдан бастап өңір аумағында санитарлық-эпидемиологиялық режимді күшейте отырып, көптеген нысандардың, соның ішінде спорттық ұжымдардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Үзілістен кейін бірінші жаттығу жеңілдетілген режимде өтті. Бапкерлер штабы футболшылардың жағдайын бағалады, соған қарап алдағы жұмыс жоспарын құрады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан чемпионатының жалғасатын күні белгісіз, бірақ турнирді жалғастыру үшін екі жоспар қарастырылуда. Біріншісі – көрерменсіз ойындар 15 маусымнан, ал екіншісі жабық алаңдарда 1 шілдеден басталуы мүмкін.