«Арсенал» Коутиньоны сатып алады
«Арсенал» футбол клубы «Барселона» ойыншысы Филиппе Коутиньоны сатып алуға ниетті, деп жазады Prosports.kz.
Каталониялық клуб 27 жастағы футболшыны «Баврияға» жалға берген. Германиялық клуб сапында ол 23 матчқа қатысып, 8 гол соқты.
Айта кетейік, бразилиялық жартылай қорғаушыны «Барселона» 165 млн ероға сатып алған болатын. Коутиньо бұған дейін де Англияда доп тепкен. «Ливерпуль» сапында үздік ойыншылардың бірі болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или