Голландия үшінші орынға көтерілді

ЕУРО-2016 іріктеу турнирінің А тобында Голландия құрамасы Латвияны тас-талқан қылды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Командалар үзіліске кетерде голландиялық команда ірі есеппен жеңіп жатты. 6-шы минутта Робин ван Перси есеп ашса, 35-ші минутта Арьен Роббен өз құрамасының басымдығын арттырды. Үзіліске санаулы минуттар қалғанда Клас-Ян Хунтелар қанжығасын майлады. Екінші таймда Латвия құрамасының қақпасына тағы үш гол соғылды. Алдымен Джеффри Брума есепті 4:0-ге жеткізсе, кейін Роббен мен Хунтелар дубль жасады.

Осы матчтан кейін Голландия турнир кестесінің 3-сатысына көтерілсе, Латвия құрамасы бесінші орынға тұрақтады.

Голландия — Латвия 6:0 (3:0)

Голдар: Ван Перси 6 (1:0), Роббен 35 (2:0), Хунтелар 42 (3:0), Брума 77 (4:0), Роббен 82 (5:0), Хунтелар 89 (6:0).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или