«Ақтөбе» футбол клубы жекешелендіріледі

«Ақтөбе» футбол клубы жекешелендіріледі

«Ақтөбе» футбол клубы сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біздің басылымға Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің қолы қойылған құжаттар келіп түсті. Құжаттардан 2020 жылдың наурыз айында «Ақтөбе өңірлік футбол клубы» АҚ 100% акцияларын жекешелендіру кестесі бекітілетіні белгілі болды.

Жоспарға сәйкес, сауда-саттық күздің аяғында, ал сату-сатып алу шарты желтоқсанда жасалады.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202005/203991_5b901647085cad09641e96f21117d4f8.png" /></picture>

Коронавирус пандемиясы осы кестеге белгілі бір түзетулер енгізетіні анық. Алайда, болашақта ақтөбелік клубтың жекешелендірілетініне күмән жоқ.

Еске сала кетейік, өткен маусым қорытындысы бойынша Қазақстанның бес дүркін чемпионы «Ақтөбе» Бірінші лигаға түсіп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или