«Динамоның» тағы бір ойыншысы коронавирус жұқтырған болуы мүмкін
Осыдан бір күн бұрын «Динамоның» жастар командасы коронавирусқа қарсы сынақ тапсырды, деп жазады Prosports.kz.
Нәтижесінде мәскеулік команда ойыншыларының бірі вирус жұқтырды деген күдікке ілініп отыр.
Футболшыға нақты диагноз 20 мамырда қойылады.
Айта кетейік, бұған дейін Covid-19 «Динамо» қорғаушы Роман Евгеньевтен және аты аталмаған тағы екі ойыншыдан, қақпашылардың бапкері Дмитрий Изотовтан және медициналық департаменттің директоры Алексей Плесковтан табылған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или