УЕФА: «Барселона» - «ПСЖ» кездесуінде төрешілер қателік жіберген

УЕФА: «Барселона» - «ПСЖ» кездесуінде төрешілер қателік жіберген

УЕФА 2017 жылы өткен «Барселона» - «ПСЖ» кездесуінде (6:1) төрешілердің қателік жібергенін мойындады, деп жазады Prosports.kz.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында өткен алғашқы матчта ПСЖ өз алаңында 4:0 есебімен жеңіске жеткен. Ал «Камп Ноудағы» қарымта ойын 6:1 есебімен аяқталып, ширек финалға каталониялық клуб жолдама алды. 

Алайда ойыннан кейін ПСЖ клубы да, франциялық басылымдар да кездесудің бас төрешісі Дениз Айтекиннің қызметіне наразылық білдірген. Олар ПСЖ-ның қолда тұрған жеңістен айырылуына неміс төрешісінің өрескел қателігі себеп болды деп есептеген. 

Енді араға 3 жыл салып, УЕФА осы дауға нүкте қоюға жақын. Олар ұзақ тексерістен кейін бұл матчта төрешілердің шынымен де қателік жібергенін мойындап отыр. Алдағы уақытта кездесудің бас төрешісі Айтекин жазалануы мүмкін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или