Италия Премьер-министрі футболдан командалық жаттығуларға рұқсат қашан берілетінін айтты

Италия Премьер-министрі футболдан командалық жаттығуларға рұқсат қашан берілетінін айтты

Италия премьер-министрі Джузеппе Конте 18 мамырдан бастап футбол клубтары командалық жаттығулар өткізе алатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жарлық 18 мамырдан бастап күшіне енеді. Бұл шектеулерді алып тастаудың екінші кезеңі басталды деген сөз. Дүйсенбіден бастап қайтадан футбол жаттығуларын өткізуге болады», - деді Конте.

Еске сала кетелік, жеке жаттығуға 4 мамырда рұқсат етілген.

Бұған дейін Италияда футбол маусымы 13 маусым күні жалғасуы мүмкін деп хабарланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или