Ресей Премьер-лигасының қалған матчтары көрерменсіз өтеді
Ресей Премьер-лигасының қалған матчтары жанкүйерсіз өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жаттығу мен матчтарды қайта өткізу ережелері атқарушы билік органдарымен бірлесіп талқыланады және бекітіліп жатса бірден қабылданады. Осы ережеге сәйкес маусымның қалған ойындары көрерменсіз өтуге тиіс», - делінген РПЛ-дың ресми хабарламасында.
Мұндай шаралар коронавирус пандемиясына байланысты қабылданды. Басты мәселе - адамдарды індеттен сақтандыру.
Еске сала кетелік, Премьер-Лига 21 маусымда қайта жалғасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или