УЕФА президенті: Қазір ештеңеге уәде беруге болмайды
УЕФА президенті Александр Чефериннің пайымдауынша, егер пандемияға байланысты жағдай ушығып кетпесе, ұлттық чемпионаттар мен еурокубоктар маусымын аяқтауға мүмкіндік бар, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Төтенше жағдай бар, олай емес деп ойлауға да болмайды. Ұлттық чемпионаттардың көпшілігі, шамамен 80%-ы, маусымды аяқтауға мүмкіндіктері бар. Егер жоқ болса, онда өздері білсін».
«Еурокубоктар туралы айтатын болсақ, оларды тамыз айында аяқтауға болады. Егер бәрі қазіргідей шиеленіспей жақсы болып тұрса, тамызда еурокубок матчтары толық ойналады».
«Қазір ештеңеге уәде беруге болмайды, бірақ әзірге жоспар осы», - деді Чеферин.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или