Айдос Орал: Қазақстанда бапкерлер жас ойыншыларға сенім артпайды
«Шахтер» ойыншысы, 2017 жылғы Гранаткин мемориалының үздік жартылай қорғаушысы Айдос Оралмен Prosports.kz сайтының тілшісі әңгімелесіп қайтқан еді. Оқырман назарына сол сұхбатты ұсынамыз.
- Айдос, қазір қай спортшымен сөйлессек те, алдымен карантин туралы сұраймыз. Себебі спорт жарыстары мен турнирлер тоқтап тұр. Өзің карантин режимін қалай өткіздің?
- Футбол ойнамағанымыз болмаса, күнделікті режимім өзгере қойған жоқ. Алаңды сағындық, бірақ. Былай болады деп кім ойлаған.
- Жаттығу процесі ақсап тұрған жоқ па? Үйдегі дайындық спорттық бабыңды бірқалыпты ұстауға мүмкіндік бермейтін шығар?
- Мен жаттығуды негізінен далада өткіздім. Бапкердің нұсқауы бойынша иықтың жоғарғы жағына жаттығулар жасадым. Қазір саябақта кросс жүгіріп жүрміз.
- Сонда да бос уақыт көп болған шығар? Қандай кітап оқыдың немесе қандай фильмдер тамашаладың?
- Жақсы кино болса көп көремін. Мәселен, «Легенда №17», «Тренер» фильмдері ұнады. Кітапты анда-санда оқимын.
- Биылғы маусым туралы айтайықшы. Басталмай жатып тоқтап қалған чемпионатта қай команданың әлеуеті мықты екенін бағамдап үлгермедік. Кеншілер қай орыннан үмітті биыл?
- Ең жоғары орындарға таласамыз.
- Қысқа қайырдың ғой?
- Берілген тапсырма солай. Мүмкіндігінше жүлделі орындарға ұмтыламыз.
- Ал команданың әлеуетін нақты бағалап көрсек ше?
- Тіпті, білмеймін де… Бұған жауап бере алмаймын.
- Бір кездері Гранаткин мемориалында жұлдыздай жарқырадың. Сол турнирдің үздік жартылай қорғаушысы атандың. Қазір сол Айдос Оралды неге көре алмай жүрміз? Бәлкім бұл жаттықтырушының кінәсі ме?
- Олай ойламаймын. Бірақ біздің елде жас ойыншыларға көп сенім артпайды бапкерлер. Содан болар деп ойлаймын.

- Биыл негізгі құрамнан орын ала аласың ба, қалай ойлайсың?
- Тырысып көремін. Бәсекелестік жоғары деп қол қусырып отыруға болмайды.
- Басқа клубтарға ауысу ойда бар ма?
- Білмеймін, ұсыныс түссе көре жатармыз.
- Қазақстан Премьер-лиггасының қай клубы және қай ойыншысы ұнайды?
- Қай команда екенін айтпай-ақ қояйын. Футболшылардан Исламханның ойынына тамсанатынмын. Қазір Милан Стояновичтің ойын стилі ұнайды.
- Еуропа чемпионаттарына кеткің келмей ме?
- Әрине, ол бәріміздің арманымыз ғой.
- Мысалы қай елдің чемпионатына барғың келеді?
- Батыс Еуропаның кез келген біріншілігіне. Жалпы Еуропаның көптеген мемлекеттерінде футбол жоғары деңгейде дамыған.
- Сені үздік ойыншы қылып тәрбиелеген Александр Кузнецов әр сұхбатында сені мақтаныш етіп отырады. Ол туралы қандай пікір білдіресің?
- Қуаыштымы, әрине. Ол ғана емес, бүкіл л мақтайтындай футболшы болуға тырысамын. Кузнецов жасөспірімдер және жастармен жақсы жұмыс істейді. Менің ойымша оған клуб бапкері болу керек.
- Дәл қазіргі арманың не?
- Чемпионат тез басталса деп жүрмін
- Көп рахмет!

-

Сұхбаттасқан Мадияр Қазыбек
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или