Ибрагимович «Миланнан» кетеді
Швециялық шабуылшы Златан Ибрагимович «Миланнан» кететін болды, деп хабарлайды Prosports.kz Football Italia басылымына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, 38 жастағы швед «россонеримен» келісімшартын соңына дейін атқарып, содан кейін басқа командаға кетеді.
Ардагер ойыншы Швецияға оралмақ, нақтырақ айтқанда өзі еншілес қожайыны саналатын «Хаммарбю» сапында доп тебеді.
Еске салайық, Ибрагимович пен «Милан» арасындағы келісімшарт 30 маусымда аяқталады. Келісімшартты ұзарту мүмкіндігі де бар екенін айта кету керек.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или