«Зенит» жаттығуды қайта бастауға мүмкіндік алды
«Зенит» ойыншылары клубтың базасында жаттығу процесін жалғастыруға рұқсат алды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
- «Зенит» футбол клубы қалалық биліктен жаттығу процесін шектеулі режимде жалғастыруға рұқсат алды. Бірақ бұл команда базада толыққанды жаттығуға оралды дегенді білдірмейді. Бұл кезеңде толықтай оралуға дайындалып жатырмыз. Әрі РФО Атқару комитетінің тиісті шешімін басшылыққа аламыз, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Бұған дейін Татарстан Республикасы Спорт министрлігінің бұйрығына сай, Қазанның «Рубин» клубы жаттығу жұмыстарын қайта бастауға мүмкіндік алған болатын.
Айта кетейік, Ресей чемпионаты наурызда коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или