ПСЖ ойыншылары Франция чемпионатында топ жарғаны үшін алтын смартфондарға ие болады
«Пари Сен-Жермен» футболшылары 2019-2020 жылғы Франция чемпионатында жеңіске жеткені үшін сый ретінде алтынмен қапталған телефондар алады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы осы гаджеттерді шығарған дизайнерлік бюро инстарграм желісіндегі ресми парақшасында хабарлады. Олардың әрқайсысында футболшының аты және оның ойын нөмірі жазылады.
Естеріңізге сала кетейік, 30 сәуірде Франция Бірінші лигасы мерзімінен бұрын аяқталған болатын. Нәтижесінде ПСЖ кезекті рет Франция чемпионы атанды.
Франция чемпионаты 28-турда тоқтатылды. Турнирлік кестедегі орындарына сай, ПСЖ», «Марсель» және «Ренн» Чемпиондар лигасына, ал «Лилль» мен «Реймс» Еуропа лигасына қатысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или