Испания чемпионаты 20 маусым күні басталады
«Леганес» футбол клубының бас бапкері Хавьер Агирре Ла лиганың 20 маусым күні басталатынын мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.
Бапкердің айтуынша, оларға чемпионаттың басталатын және аяқталатын уақыты алдын-ала хабарланған екен.
- Ла лиганың басталатын уақыты бекітілді. Чемпионатты 20 маусымда бастап, бес аптада аяқтау жоспарланып отыр. Чемпионаттың басталатыны жайлы бізге хабарлады. Өте қуаныштымыз, ертеңнен бастап жаттығуға кірісетін боламыз, - деді Хавьер.
Айта кетейік, бұған дейін Германия Бундеслигасы 16 мамырда басталатыны ресми хабарланған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или